3-7 желтоқсан күндері Астанада WorldSkills Kazakhstan IV чемпионаты өтіп жатыр. Елордаға Қазақстанның барлық өңірінен 30 мамандық бойынша 350-ге жуық үміткер келіп, кәсіби тұрғыда жарысуда. Байқауға қатысушылардың дені колледж және ЖОО студенттері.
WorldSkills — кәсіптің мәртебесін арттыратын, кәсібилікті насихаттауды мақсат еткен коммерциялық емес бастама.
Төрт күнге созылатын жарыста қатысушылар түрлі кәсіп бойынша бақ сынайды.
Айта кетейік, былтыр қазақстандық жас шеберлер Абу-Дабиде өткен WorldSkills-2017 байқауына қатысқан болатын. Биыл бұл жарыс Мажарстан астанасында өтті. Будапештке EuroSkills 2018-ге қатысқан қазақстандықтар 10-шы орын алды.
Абдіманап Кеңес,
Журналист