Атыраулық 67 бала әлі де Сирия тамұғында күн кешуде

0
110
дереккөзден

Атырау облысынан 67 бала Сириядағы әскери қақтығыс аумағында қалып отыр. Шамамен 30-ға жуық бала 6 жастан кіші. Бұл туралы Атырау облысы дін істері бойынша басқарма басшысы Қайролла Көшқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды ATRpress.

Қ. Көшқалиев 2011 жылдан бастап Атырау облысынан 54 ересек адам Сирияға аттанған деп хабарлады. Кейбір ерлі-зайыптылар балаларымен бірге шекара асқан. Соңғы деректерге сәйкес, Сириядағы әскери қақтығыс алаңында қазір Атырау облысынан 67 бала бар. Олардың екеуінің жасы 18-ге толған, 34 бала мектеп жасында, 31 бала мектеп жасына жетпеген.

Сондай-ақ Қ. Көшқалиев 2017 жылы араб елдеріне діни білім алуға бет алған 10 студентті елге қайтару мүмкін болғандығын алға тартты.

«Өткен жылы мұндай (араб елдеріне діни білім алуға аттанған – ред.) 35 студент болды. Олардың ата-ана, отбасыларымен сөйлескеннен кейін 10 студентті елге қайтару мүмкін болды»,

– дейді Атырау облысының дін істері бойынша басқарма басшысы.


ҚР ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) таратқан ақпарға сәйкес, 2017 жылы әскери қақтығыс алңдарынан 63 баланы қайтару мүмкін болған.

Өз кезегінде, Қазақстанның Сириядағы елшісі мен елшілік қақтығыс аймақтарындағы балалардың жеке тұлғасын анықтап, елге қайтару үшін жұмыстар жүргізіп жатқандығы хабарланады. Аталған қақтығыс аймақтарында Қазақстаннан қанша бала бар екені әзірге беймәлім, себебі, қақтығыс аймақтарына аттанатын Қазақстан азаматтарына ешкім бақылау жүргізбейді, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз