Сауд Арабиясында алғашқы кинотетар ашылады

0
108
Эр-Рияд/дереккөзден

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта 18 сәуірден бастап 35 жыл тыйымнан кейін алғашқы кинотеатр ашылады.

Reuters таратқан ақпарға сәйкес, ел билігі бес жыл көлемінде барлық ел аумағында тағы да 40 кинотеатр ашуға ниетті.  Ашылған кинотеатрлардың өзге қоғамдық орындардан ерекшелігі, ерлерге және әйелдерге арналған деп бөлінбеуінде.

Агенттік дереккөзі алғаш ашылған кинотеатрда «Black Panther» («Қара пантера») кинокартинасы қалың көрерменге ұсынылатынын хабарлайды.

Ел билігі 2017 жылы кинотеатрларға салынған тыйымның жойылатынын хабарлады. Осылайша, билік ел экономикасының дамуына серпін бермек.

Бұған дейін Сауд Арабиясында әйелдерге әскерде қызмет етуге, сондай-ақ көлік жүргізуге рұқсат берілген еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз