Қазақстан мұсылмандары “Қадір түнінде” мешітке жиналды

0
258
Нұр-Сұлтандағы Әзірет Сұлтан мешіті.

27 сәуір кешке Нұр-Сұлтандағы Әзірет Сұлтан мешітіне қала тұрғындары қасиетті Рамазан айындағы “Қадір түнін” өткізу үшін жиналды. 

Оқи отырыңыз: “Қадір түні” туралы не білеміз?

ҚМДБ болжамынша, биылғы Рамазанның қасиетті “Қадір түні” сәуір айының 28-не қараған түнге сәйкес келіп отыр.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұл түнді Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен бірге өткізіп, жиылған жұртшылықты қасиетті Қадір түнімен құттықтады. Құптан намазы алдында жамағатқа қасиетті Қадір түні жайлы уағыз айтып, бүгінгі түннің артықшылығын баяндады.

Бас мүфти Құран хатым дұғасын оқып отыр.
Рамазан айындағы тарауих намазында Құранды толық оқып бітірген 3 қари.

Қадір түнінің маңыздылығы туралы қасиетті Құран Кәрім кітабында “Қадір” сүресінде айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның “Қадір түнінде” түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатыны айтылады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең екені туралы ақпарат бар. Мұсылмандар “Қадір түнін” ізгі амалмен өткізуге тырысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз