Мәлік Отарбаев президент кеңесшісі болып тағайындалды

0
199
Мәлік Отарбаев.

27 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Мәлік Отарбаев президент кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады.

“Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген президент баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

42 жастағы Мәлік Отарбаев Жамбыл облысының тумасы. Еңбек жолын 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған. 2003 – 2016 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  Халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, “Диалог “Еуразия-Қазақстан” журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты “Қаламгер” журналының бас үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі қызметтерін атқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз