Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері көбейеді

0
132
Ұшақ. Көрнекі сурет.

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері көбейеді. Бұл туралы 31 тамыздағы ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына сілтеме жасап индустрия министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, қыркүйек айының ортасынан Air Astana және Turkish Airlines әуе компаниялары (Air Astana – 17 қыркүйектен, Turkish Airlines – 25 қыркүйектен) Алматы – Стамбул бағытындағы рейстер санын 2-ден 3-ке көбейтеді.

Ал SCAT әуе компаниясы 22 қыркүйектен бастап Ақтөбе – Стамбул бағытында аптасына 2 рет ұша бастайды.

Түркиямен әуе рейстерінің санын тағы да көбейту эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның және Түркияның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты.

Ведомство ақпаратына қарағанда, әуе рейстері санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз