Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлері ауысты

0
206
Бокстан ұлттық ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов

Бокстан Қазақстан ұлттық ерлер және әйелдер құрамасының бас бапкерлері ауысты. Жаңа қызметке Қайрат Сәтжанов пен Шамиль Сафиуллин тағайындалды. 

Бұған дейін ерлер  ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін Ғалымбек Кенжебаев атқарып келген. Құрамаға ол жетекшілік еткен жылы Қазақстан алғаш рет бокстан Олимпиада алтынын ала алмады.

Ал отыз жылдан аса бапкерлік тәжірбиесі бар Сәтжанов 2019 жылдан бері  бокстан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері болған. Екі жыл ішінде оның спортшылары Азия чемпионатында екі рет командалық есепте жеңіске жетіп (2019 ж. – 6/1/2, 2021 г. – 8/2/2), әлем чемпионатында екінші орынды иеленді(2021 ж. – 2/2/1).

Шамиль Сафиуллин бокстан ұлттық әйелдер құрамасының бас бапкері. 

Әйелдер құрамасының бас бапкерлігінен өз еркімен кеткен Ерік Алғабектің орнына Шамиль Сафиуллин келді. Алғабек команда бас бапкері қызметін 2 жыл атқарды . Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 2019 жылғы әлем чемпионатында 2 қола медальға, 2020 жылғы Азия іріктеу турнирінде 1 олимпиадалық лицензияға ие болды. Биылғы Азия чемпионатының командалық есебінде (8/1/1) жеңіске жетті.

Шамиль Сафиуллин 25 жылға жуық бапкер ретінде еңбек еткен. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанда да, шетелде де жұмыс істеген. Әлем чемпионатының жүлдегерлерін, Азия чемпиондарын және ҚРЧ бірнеше дүркін жеңімпаздарын дайындаған. 2018 жылдан бастап Сафиуллин бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы болған.

Биылғы Токио Олимпиадасынан қазақстандық боксшылар алғаш рет алтынсыз қайтты. Содан бері қоғамда, әлеуметтік желіде бапкерлер және жүйеге байланысты сан алуан пікір айтылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз