Қазақстан мен Қытай арасында жаңа әуе рейсі ашылады

0
217
Ұшақ ішіндегі жолаушылар. Photo: Pixabay

21 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан – Чэнду бағытында жолаушылар әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытайдың «Air China» әуекомпаниясы 21 тамыздан бастап А320 типті әуе кемелерінде әр жексенбі сайын Нұр-Сұлтан – Чэнду жаңа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын ұлғайту екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Ұшуларды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестемен орындау жоспарланғанын атап өткен жөн.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз