Өткен аптада пияз бен құмшекер бағасы қымбаттады

0
272
фото: Pinterest

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%, ай басынан бері кезеңге – 0,8%, жыл басынан бері кезеңге – 18,2% өсті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше жылдық мәнде олардың бағасы 17,8% қымбаттап, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 1,1 пайызға жоғары.

Өткен аптада арзандады:

  • қырыққабат – 4,8%
  • сәбіз – 1,3%
  • картоп – 1,2%

өткен аптада қымбаттады:

  • Пияз – 1,3%
  • Құмшекер – 1,4%

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2022 жылғы 2 тамызға):

  • Тауық еті – 1 149 тг/кг
  • Қарақұмық жармасы – 504 тг/кг
  • Күнбағыс майы – 829 тг/л

* Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз