Қазақстан Тәжікстанға қандай өнімдер экспорттайды

0
114

Аталған сұраққа ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақпайұлы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу алдында жауап берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Қазақстан Тәжікстанға астық өнімдерін тұрақты түрде жіберіп тұрады. Атап айтқанда, бидай, арпа, ұн. Бұдан бөлек балмұздақ, шұжық, маргарин және май өнімдері бар. Әсіресе, күнбағыс майының сапасы жақсы болғандықтан, сұранысқа ие.

«Ал Қазақстан Тәжікстаннан өз кезегінде көкөніс, кептірілген жеміс- жидектерді импорттайды. Себебі, ол жақта ауа райы қолайлы болғандықтан, басқа Орта Азия елдеріне қарағанда екі үш апта ерте піседі. Сонымен қатар, картоп пен пиязды да біздің нарыққа қолайлы әрі тиімді бағамен алып келуге мүмкіндік ашып отыр»,-деді Е.Шырақпайұлы.

Тәжікстан басшысының осы іс-сапары барысында ведомство аралық Тәжікстан Республикасы ауылшаруашылығы министрімен жол картасына қол қоятынын және сол арқылы екі ел арасындағы сауда айналымын жақсартуды көздеп отығанын атап өтті министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз