Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күні: Астанада өтетін мерекелік іс-шаралар кестесі

0
135
Астана қаласы.

Ұлы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне орай елордада 50-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Мерекелердің құрметіне орай мекемелер концерттер, қойылымдар, көрмелер, спорттық турнирлер және т.б. дайындап отыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мереке күндеріндегі іс-шаралар бүгін «Демеу» қайта әлеуметтендіру орталығындағы Отан қорғаушылар туралы фильм көрсетілімен басталады.

Отан қорғаушылар күніне орай мектептер мен колледждерде ертеңгіліктер, бірыңғай сынып және кураторлық сағаттар, «Отан үшін от кешкендер» әскери қызметшілермен тақырыптық кездесулер ұйымдастырылады.

  1. 5-8 мамыр аралығында білім беру ұйымдарында «Арамыздағы ардагер» челленджі іске қосылады. Ал №50, 60, 80 және 52 мектептерде «Қанды соғыс туралы шағын әңгімелер» атты танымдық дәрістер өтеді.
  2. 6-9 мамыр аралығында елорданың барлық ауданында мерекенің басты рәміздерінің бірі – естелік төсбелгілер мен Жеңіс ленталарын тарату акциясы өтеді.
  3. 7 мамырда мерекелік концерттер «Бәйтерек» – «ОТАНЫМ – АМАНАТЫМ» монументінің жанында – сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін және Nomad City Hall – «Жеңіс жолы» ғимаратының жанында сағат 12:00-де өтеді. Дәл осы күні сағат 15:00-де және 19:00-де Музыкалық жас көрермен театры «Гауһартас» музыкалық драмасына шақырады.
  4. 7-9 мамыр аралығында Үркер тұрғын алабында №5573 әскери бөлімнің үрмелі аспаптар оркестрінің далалық асханасы мен концерті ұйымдастырылады. Осы күндері «Ақжол» аула клубыайтулы екі мерекеге орай концерттік бағдарлама дайындап отыр.
  5. 7-9 мамыр аралығында әскери оркестр ардагерлерді өз үйінің ауласында Жеңіс күні мерекесімен құттықтайды.
  6. 8 мамырға дейін ҚР Әскери-патриоттық музейінде оқушыларға тегін экскурсиялар өткізіледі.
  7. 8 мамыр күні кешкі сағат 19:00-де Nomad City Hall-да көрермендер Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісі» драмасын тамашалай алады.

Айта кетейік, 8 мамырда Астанада ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін қала аулаларында дәстүрлі жылжымалы концерт ұйымдастырылады. Сағат 18:00-де Qazaqstan ОКЗ сахнасында Еркеш Шакеевтің Eastwest in Astana мерейтойлық авторлық концерті басталады.

Сәкен Сейфуллин мұражайында 5-8 мамыр аралығында Отан қорғаушылар күніне арналған «Ел қорғаны – Ұландар» көрмесі, ал 8-11 мамыр аралығында Қ.Қайсеновтің 105 жылдығына және «Ұлы жеңіс батырлары және Қасым» Жеңіс күніне арналған экспозиция жұмыс істейді.

Жеңіс күні, 9 мамырда «Отан Ана», Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Иван Панфилов ескерткіштеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған монументалды кешенге гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Кешкі сағат 19:00-де музейде «CHANEL № 5» деректі драмасы ұсынылады.
14:00-ден 17:00-ге дейін Есіл жағалауындағы амфитеатрда «Отанға қызмет – ұлы құрмет» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. 9 мамырда спортсүйер әуесқойлар Триатлон паркіндегі жеңіл атлетика эстафетасына қатыса алады.

11 мамыр күні кешке «Жастар» сарайының залында «Астана» эстрадалық симфониялық оркестрі өнер көрсетеді. 11 мамыр күні сағат 12:00-де «Ардагер» халық хоры Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Біз бұл күнді есте сақтаймыз» концертімен өнер көрсетеді.

17 мамыр күні сағат 12:00-де «Соғыста да ән шырқалған» әдеби-музыкалық композициясы өтеді, ал 23 мамыр күні сағат 15:00-де тыл еңбеккерлерімен кездесу ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Жеңістің 78 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, әскери іс-қимылдарына қатысушыларға, Астанада тұратын тыл еңбеккерлеріне біржолғы төлем аударылады.

Сондай-ақ, осы санат үшін мамыр айында №8 емханада тегін медициналық тексеруден өту ісі қарастырылған. «Қамқорлық мекенжайы» акциясы аясында оларға азық-түлік себеттері беріледі, аулалары қоқыстардан тазартылады және т.б.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз