10-12 ақпанда Қазақстанда жаңбыр, қар жауғанымен күн жылы болады. Елдің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Бұл жөнінде “Қазгидромет” хабарлады.

“Жауын-шашынсыз аязды ауа райын сақтаған антициклон тек шығыс аймақтарға әсер ете отырып, елден басқа аймақтарға ауыса бастайды. Ал солтүстік-батыста көлемді ылғал қоры бар циклон ауысады. Соның әсерінен 12 ақпанда оңтүстік облыстарда қатты жауын-шашын, сондай-ақ жел мен көктайғақ болады”, – деп хабарлады синоптиктер.

Айта кетейік, Қазақстанның солтүстігінде алдағы күндері күндіз ауа райы -2-10 градусқа дейін жылиды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз