Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа басшы тағайындалды

0
209
Ержан Бабақұмаров.

9 ақпанда мемлекет басшысының өкімімен Ержан Бабақұмаров Қазақстан президентінің жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мекеменің бұрынғы басшысы Руслан Әлішев президент жарлығымен қызметінен босады.

Ержан Бабақұмаров 2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін ол президенттің кеңесшісі болған. 2012-2016 жылдары ол Орталық коммуникациялар қызметін басқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз