Қазақстанда бір жылда жеңіл автомобильдер саны 8,4% пайызға ұлғайды. Биыл сәуір айының соңындағы дерек бойынша елімізде жалпы 4,1 миллион жеңіл автокөлік бар.
Соның ішінде жаңа жеңіл автомобильдердің көрсеткіштері (жасы 3 жастан аз) айтарлықтай өскен: бірден 31,1 пайызға жоғарылаған.
Қазақстанда 20 жастан асқан ескі жеңіл автомобильдер басым, олардың саны бір жылда 4 пайызға өсіп, 2 млн-ға жуық болды.
Бұл ретте автопарктегі ескі көліктердің үлесі Жамбыл (69,6%), Алматы (64,9%) және Оңтүстік Қазақстан (66,6%) облыстарында едәуір көп
Пайдаланылған автомобильдердің бағасы бесінші ай қатарынан төмендеуде (ақпан-наурыз айында бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалды). Нәтижесінде 2023 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша пайдаланылған жеңіл автомобильдер бір айда 1,3% – ға және бір жылда 5,2% – ға арзандады.