Қазақстанда автокөлік жууға арналған су тарифі өзгереді

0
32

Қазақстан ішуге арналған су ресурстарының барлық көлемінің 1,3 пайызын ғана пайдаланады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ол сондай-ақ ауызсуды басқа қажеттіліктер үшін пайдаланатындарға тариф айтарлықтай көтерілетінін айтты.

«Техникалық қызмет көрсету станцияларында ауыз суды пайдаланатын кәсіпкерлерге автомобильдерді жуу үшін пайдаланатын суды тазарту жабдықтарын беруді ойластырып жатырмыз. Екіншіден, тариф мәселесін шешетін боламыз. Яғни, ауызсуды басқа қажеттіліктер үшін пайдаланатын кәсіпкерге су тарифі айтарлықтай артады. Бұның барлығы кәсіпкер, ауызсуды көп пайдаланбай, өзі алған белігілі көлемдегі суды қайта пайдалануға ынталандыру үшін», – деді Нұржігітов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз