Қазақстанда ең көп тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалатын өңірлер белгілі болды

0
117
Фото: https://www.shutterstock

Биыл Қазақстанда ресми түрде 713 отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Өңірлер бойынша отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылық ең көп Алматы облысында жасалған: 64 іс түскен. Одан кейін, 63 іспен Павлодар облысы тұр. Ал, үшінші орында тұрған ШҚО-да 56 іс тіркелген.

Мұндай құқық бұзушылықтар саны бойынша Ақтөбе (17 іс), Маңғыстау (18 іс) және Қызылорда (18 іс) облысы көш соңында тұр.

Алайда статистика бойынша еліміздің 20 өңірінің 10-да отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылықтың азайғаны байқалған.

Құқық бұзушылықтардың 36,6 пайызы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты болған. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру бабы бойынша қылмыс 35,8 пайызды құрайды. Сонымен қатар, жиі кездесетін отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде адам өлтіру (85 құқық бұзушылық), қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (14 құқық бұзушылық), сондай-ақ өлтіруге дайындалу және оқталу (13 құқық бұзушылық) бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз