Денсаулық сақтау министрлігі салдары өлімге алып келетін жаман әдет туралы дабыл қағуда

0
87

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі кәдімгі темекілерге балама ретінде ұсынылып жүрген электрондық темекі немесе вейптің жан түршігерлік зиянды жақтарын атады, деп хабарлайды kazaknews.kz. 

Вейп шын мәнінде өкпенің ауыр ауруларына, жас кезінен бастап жүрек-қан тамырлары патологиясының дамуына, сондай-ақ жарылулар мен ақаулардан күю, мүгедектік, тіпті, өлімге алып келеді, деп жазылған министрлік хабарламасында.

Вейпте дәстүрлі темекіге қарағанда 10 есе көп никотин бар.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің никотинді қолдануы мидың дамуына зиянды әсер етеді, психикалық дамудың ұзақ мерзімді салдарына әкеледі, оқу қабілетінің бұзылуына және мазасыздықтың дамуына ықпал етеді. Жүкті әйелдердің никотинді қолдануы ұрық миының дамуына осындай әсер етуі мүмкін.  

Дабыл қағатын нәрсе ол, Қазақстанда 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 9,8%-ы үнемі электрондық темекі/вейп тұтынатындығы. Тұтану мен түтіннің иісі болмағандықтан, ата-аналар балаларында никотинге тәуелділіктің дамуын ұзақ уақыт бойы байқамайды. Қазіргі таңдаДания, Норвегия, Уругвай, Аргентина, Панама, Гонконг, Сингапур секілді 32 мемлекет вейп айналымына уақтылы тыйым салды.

Айта кету керек, вейп – бұл никотинді қыздыру және аэролиздеу арқылы электрондық жеткізу жүйесін білдіреді. Мұндай құрылғыдағы температура 350⁰С жетуі мүмкін. Дәстүрлі толтырғыштың құрамына пропиленгликоль, глицерин, никотин, хош иістер кіреді.

Құрылғыдағы қоспаны қыздырған кезде компоненттердің арасында химиялық реакция пайда болады және қыздырылмаған қоспада жоқ жаңа химиялық заттар пайда болады.

Вейп арналған сұйықтықта химиялық заттар бар (құрамында темекі жоқ), олар буланған кезде өкпе тініне (альвеолаларға) еніп, өкпе жүйесіне өлімге дейін салыстырмалы түрде тез және терең зақым келтіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз