«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «талдау» Ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының» ұлттық жинағының биылғы статистикасы бойынша, Абай облысы жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны бойынша алғашқы орында тұр.
Жалпы Қазақстан бойынша жетімдер үшін 115 ұйым қарастырылған. Жетімдер саны көп болғанына қарамастан Абай облысында 5 ұйым бар. Ал, ең көп ұйым орналасқан аймақ – Қостанай облысы (12 ұйым).
Қазақстан бойынша қазіргі таңда жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 7 мыңға жуықтаған (Статистика бойынша – 6543 адам). Оның ішінде жасы 18-ге толмаған 5857 бала болса, жасы 18-ден асқандарының саны 686 адам.
Өңірлер бойынша алғашқы үштікте Абай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ал, жетім балалар саны ең аз үштікте Ұлытау, Алматы және Атырау облысы тұр.