Comic Con Astana-ға келетін қонақтардың тізімі белгілі болды

0
111

Комикс, кино, бейнеойын мен аниме кейіпкерлерін бір жерге топтастырған айтулы іс-шараға қатысатын жұлдызды қонақтардың тізімі белгілі болды.

Қыркүйектің 15 мен 17 аралығында Comic Con Astana фестивалі ресми қонақтарын қарсы алады. Қонақтың бірі — Франция кинопродюсері Пьер Спенглер. Ол Кристофер Рив қатысқан Супермен фильмдерінің үшеуінде де продюсер болған.

Спенглер «Суперменнен» бөлек «Үш ноян» фильмі, (Гай Ричи түсірген, Джейсон Стэтхем рөл ойнаған) «Револьвер» қылмыс драмасы мен (Луи Летерье түсірген, Джет Ли мен Морган Фримен рөл ойнаған) «Дэнни деген ит» экшн-триллері сияқты жобаға да қатысқан.

Алехандро Ходоровски түсірген «Кемпірқосақты ұрлаған» фильмі мен Канн кинофестивалінде Алтын пальма бұтағы жүлдесіне лайық болған Эмир Кустурица түсірген атақты «Андерграунд» фильмін жасауға да Пьер Спенглер зор үлес қосқан.

Спенглер 1984 жылғы «Супергёрл» фильмін жасауда кеңесші болған.

Бұдан бөлек Comic Con Astana фестиваліне шақырылған қонақ тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

⮚ Taryn – Италиядан шыққан әйгілі косплейші, әртіс, әрі модель
⮚ Angie Arrow – League of Legends ойынына арнаған косплейінің арқасында дүние жүзіне аты танымал косплейші
⮚ Антон Киреев – YouTube-тегі IGM арнасын жасап жүргізген кәсіби диктор
⮚ Артем Харченко – YouTube-тегі киноға арналған Cut The Crap арнасын жасаған
⮚ JGeek пен Юлия Боярова – YouTube-те әсерлі мазмұн жасайтын ерлі-зайыпты бейнеблогер
⮚ Geheichou – Испаниядан шыққан косплейші, аниме кейіпкерлері мен Genshin Impact ойындарына арнаған косплейінің арқасында әлеуметтік желіде танымал болды
⮚ Ayuru – Riot Games, Blizzard, Bernina және Bandai сияқты брендтерді ұсынған испандық косплейер, суретші және фотограф
⮚ Narga (Наталья Кочеткова) – тәжірибелі кәсіби косплейші, Blizzcon-да жеңімпаз болды
⮚ EdisonPts – бейнеблогер, әрі стример (арналары: «EdisonPts», «Эдисон Перец»)
⮚ Евгений Попадинец – YouTube-тегі «Utopia Show» арнасын жүргізуші
⮚ Илья Коммандер – YouTube-тегі «Штаб Коммандера» мен «Restart» сияқты көптеген арнаны жасаған
⮚ Aigera Dunamis – Қазақстан косплейші қауымы мен киберспорт саласын он жыл бойы дамытып келген тұлға
⮚ Әнуар Тілеген – Ақтобеден шыққан блогер/сарапшы, YouTube-тегі ANOIR арнасында киноны талдайды
⮚ Тони Карк – Ташкенттен шыққан әйгілі блогер, киноқұмар, шара ұйымдастырушы, әрі Bloggers Award’22-де жеңімпазы
⮚ Domer Grief (Сергей Камышников) – YouTube блогері, кәсіби Minecraft ойыншысы, өзінің “Грифер Шоуымен” танымал (бейнеге PvP соқтығыстарын жазады)
⮚ Анастасия Queen – модель, блогшы, әртіс. Оның TikTok бейініне 7 миллион оқырманы бар.
⮚ Хомяк (Алина Ким) – дүние жүзіндегі 24-інші ең танымал TikTok-шы
⮚ Диас (Sixty Rich) – BIP House өкілі, блогшы, әрі әнші
⮚ Радион Кан – YoloHouse өкілі, блогшы, Марго Робби өнерін қастерлеуші, K-Pop сүюші

ФЕСТИВАЛ ЖАЙЫНДА

Фестивалде өтетін косплей сайысқа қатысушылар сүйген туындысына құштарлығын білдіріп, ₸10,000,000 жүлде қорды бөлісіп ала алады.

Биылғы жаңалық — аниме мен манга, J-Pop пен K-Pop тәрізді Азия бұқара мәдениетіне арналған Pop Asia деген арнайы жәрмеңке алаңы.

Айта кету керек, TikTok сервисі фестивальге Comic Con Astana ресми серіктесі ретінде қосылды. Тик-ток хаустары, мобилографтар және продюсерлер (оның ішінде атақты Jokeasses қатысады деп күтілуде) іс-шара алаңында арнайы құрылған контент-аймақтың жұмысына қатыса алады.

Сондай-ақ, конвентте техно-гиктерге арналған интерактивті алаң құруды жоспарлануда, оның шеңберінде ойын өндірушілерінен түрлі мазмұн ұсынылатын болады.

Фестивальдің барлық қонақтары үшін фуд-корттың жұмысы ұйымдастырылады, ал ең кішкентай келушілер үшін балалар аймағы жұмыс істейді.

Билеттерді жобаның ресми сайтынан – www.comicconastana.kz, сондай-ақ ticketon.kz, sxodim.kz, iticket.kz және Яндекс Афиша қызметтерінің көмегімен сатып алуға болады.

Іс-шара Сауран көшесі, 44 Конгресс-орталылығында өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз