Елімізде бұдан былай некеге тұруға ниетті жастар арнайы курстардан өтуі мүмкін.
Информбюро ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жастар шаңырақ көтермес бұрын психолог немесе менторлармен жұмыс істейді.
Оқу 1 айға созылуы ықтимал. Бұл бастама тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы аясында қарастырылып жатыр. Сондықтан, әзірге бір айлық курс жалпыға бірдей міндеттеле ме, міндеттелмей ме әзірге белгісіз.