Қазақстанда “наурыз мейрамы тойланбайды”

0
513

12 наурызда орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты наурыз мерекесі тойланбайтынын айтты.

“Наурыз үлкен мейрам, бірақ, ең маңыздысы – адам өмірі. Көп адам жиналатын жердің бәріне тыйым салынады. Ал, көрісу мерекесіне орай адамдардың бір бірімен амандасуды ешкім қадағалай алмайды. Бірақ, бұрынғыдай 500-1000 адам жиналатын жиындарға тыйым салынады”, – деді ол.

Сонымен қатар, бұдан былай елімізде өтетін спорттық шаралардың бәрінде қауіпсіздік күшейтіледі. Әзірге ешқандай спорттық кездесулер кейінге қалдырылмайды.

Сондай-ақ, кейбір қауіпті елдерге баратын рейстер қысқарады, дегенмен әзірге шекара толықтай жабылмайтыны айтылды. Өзге елдерге бару үшін билет алып қойған азаматтардың билетті қайтаруына, ауыстыруға мүмкіндіктер қарастырылған. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов азаматтарға қауіпті саналатын елдерге бармауға кеңес берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз