Әлеуметтік маңызды облысаралық бағыттар бойынша жүретін пойыз билеттерінің бағасы 10%-ға қымбаттады. Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
“Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі хаты негізінде, 2019 жылғы 21 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағдарларға қатынайтын пойыздардан басқасының билеттері 10%-ға қымбаттағанын хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.
11 бағыттағы пойыздың бағасы қымбаттаған жоқ, олар:
№ 085/086 “Нұр-Сұлтан -Сарыағаш”
№ 021/022 “Қызылорда-Семей”
№ 313/314 “Атырау-Маңғыстау”
№ 339/340 “Павлодар-Пресногорьковская”
№ 373/374 “Алматы-Жезқазған”
№ 377/378 “Алматы-Маңғыстау”
№ 603/604 “Нұр-Сұлтан -Арқалық”
№ 085/086 “Қарағанды-Сарыағаш”
№ 021/022 “Алматы-Семей”
№ 22/6941/6942/21 “Алматы-Достық”
№ 339-55/56-154 “Павлодар-Қызылорда”.