Қазақстанда пойыз билеті қымбаттады

0
200

Әлеуметтік маңызды облысаралық бағыттар бойынша жүретін пойыз билеттерінің бағасы 10%-ға қымбаттады. Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

“Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі хаты негізінде, 2019 жылғы 21 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағдарларға қатынайтын пойыздардан басқасының билеттері 10%-ға қымбаттағанын хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.

11 бағыттағы пойыздың бағасы қымбаттаған жоқ, олар:

№ 085/086 “Нұр-Сұлтан -Сарыағаш”

№ 021/022 “Қызылорда-Семей”

№ 313/314 “Атырау-Маңғыстау”

№ 339/340 “Павлодар-Пресногорьковская”

№ 373/374 “Алматы-Жезқазған”

№ 377/378 “Алматы-Маңғыстау”

№ 603/604 “Нұр-Сұлтан -Арқалық”

№ 085/086 “Қарағанды-Сарыағаш”

№ 021/022 “Алматы-Семей”

№ 22/6941/6942/21 “Алматы-Достық”

№ 339-55/56-154 “Павлодар-Қызылорда”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз