Президентікке кандидаттарды ұсыну 12 қазан 18:00-де аяқталады. Дәл қазіргі уақытта 5 адам өзінің кандидатурасын ұсынған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент сайлауына үміткерлер тізімі:
Жигули Дайрабаев – «Ауыл» партиясы атынан;
Нұрлан Әуесбаев – Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан;
Мейрам Қажыкен – «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан;
Қасым-Жомарт Тоқаев – Халықтық коалиция атынан;
Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан.
ҚР президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері – 3 млн теңге.