Оралу Саясат 12 қазанда Қазақстанға Түркия президенті және Қатар әмірі келеді

12 қазанда Қазақстанға Түркия президенті және Қатар әмірі келеді

0
249
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

12 қазанда Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған және Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілішсі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

Режеп Тайып Ердоған мен Қасым-Жомарт Тоқаев 12 қазанда екіжақты кездесу өткізіп, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысы өтеді.

Түркия Республикасының басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысады.

Мектеп-лицейге шейх Тамим бен Хамада әл-Танидің есімі берілді |  Inbusiness.kz
Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамада әл-Тани

Бұдан бөлек 12 өазанда Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл-Танидің Астана қаласына мемлекеттік сапары өтеді.

Сапар аясында екі елдің ірі компанияларының қатысуымен инвестициялық форум өтеді.

Бұған қоса, Қатар әмірі де Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке қатысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз