Қазақстанда шетінеп кеткен нәрестелердің 58 пайызы шала туған сәбилер. Қандай шешім ұсынылды?

0
128
Photo: inform.kz

Қазақстанда нәресте өлімінің 58,7%-ы – дене салмағы 2500 грамнан кем шала туған нәрестелер; Ана өлімінің барлық жағдайларының 46%-ы әйелдің әртүрлі созылмалы ауруларынан. Енді осындай жағдайлардың алдын-алу үшін болашақ жас жұбайларға кешенді медициналық зерттеп-қараудан  өтуді көздейтін отбасылық жұптардың денсаулық паспортын енгізу ұсынылады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

«Отбасылық жұптардың денсаулық паспорты» жобасы некеге тұрғанға дейін қыздар мен жігіттерді ерікті профилактикалық тексеруді көздейді.

Бұл жобаны іске асырудың мақсаты ана өлімінің дамуына, жастардың репродуктивтік  және соматикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға барынша әсер ететін кейбір ауруларды анықтау, жыныстық жолмен берілетін генетикалық, соматикалық және инфекциялық ауруларды уақтылы ерте анықтау және жүктілікті жоспарлаудан бұрын емдеуді бастау.

Сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуы проблемасы бар, олар адамның денсаулығына, сондай-ақ болашақ ұрпақтың денсаулығына әсер етеді. Осылайша, Қазақстанда АИТВ-инфекциясының барлық жаңа жағдайларының 74,7%-ы жыныстық жолмен берілуіне байланысты.

Ана өлім-жітімінің, жыныстық серіктестің инфекциясының немесе ұрықтың өлімінің алдын алудың ең жақсы тәсілі – ауруларды уақтылы анықтау және емдеу.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз