«КТЛ» әзіл додасында 6 оқушыға грант табысталды – Фоторепортаж

0
441
AIU вице-президентінің грант табыстау сәті

20 мамырда «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің оқушылары арасында «Көңілді Тапқырлар Лигасының» финалы өтті. Финалдың нәтижесі бойынша 6 оқушыға СДУ және AIU университеттері грант берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Ойын Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Финалда 7 команда тартысқа түсті.

Қараша-желтоқсан айында 5 аймақта жалпы 40 команда қатысып, одан 5 команда финалға өтті. Бұдан бөлек қаңтар айында БИЛ қыздар лицейлері арасында алғаш рет ұйымдастырылған Қызғалдақ кубогының жеңімпазі және ақпан айында «Білім-инновация» ХҚҚ президенті кубогы жеңімпазы финалға өткен.

Финалдық ойын алдында “DJ”, орналасып жатқан көрермендерге әуенмен көңіл күй сыйлауда
Бас жүлде – 400 мың теңге
финалдық ойынның көрермендері; КТЛ 2023
ойын алдында “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ Президенті Дархан Өте сөз сөйлеу сәті

Финалға өткен 7 команда:

  • Ақтөбе қыздар БИЛ (Батыс аймақ жеңімпазы)
  • Екібастұз (Солтүстік аймақ жеңімпазы)
  • Тараз ерлер БИЛ (Оңтүстік аймақ жеңімпазы)
  • Семей БИЛ (Шығыс аймақ жеңімпазы)
  • Астана ерлер БИЛ (Орталық аймақ жеңімпазы)
  • Шымкент қыздар БИЛ (Қызғалдақ Кубогы жеңімпазы)
  • Galaxy Халықаралық мектебі («Білім-инновация» ХҚҚ президенті кубогы жеңімпазы)

Финалдық ойынды 7 әділ-қазы алқасы бағалады. Олар:

  • Аян Бірбаев – Ринго тобының мүшесі
  • Алмас Жали – блогер, “Brave Talents” басшысы
  • Каркулова Айгүл Әкімгерейқызы – Дарын РҒПО педагогикалық шеберхана зертханасы меңгерушісі
  • Алишер Утев – сценарист, режиссер
  • Айгүл Иманбаева – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты
  • Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істер жөніндегі комитетінің төрағасы
  • Дархан Ермаханұлы Өте – “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ Президенті
Әділ-қазы мүшелері: Ринго тобының мүшесі Аян Бірбаев пен “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Иманбаева

3 түрлі сайыстан тұратын әзіл додасында жеңімпаз Galaxy Халықаралық мектебінің оқушылары болды. Жеңімпаз команда сайыстың бас демеушісінен 400 мың теңге қаржылай сыйақы алды. Бір қызығы бұл жарыста барлық команда жүлделі орынға ие болды. Бас жүлдеден бөлек 1 орын біреу, 2 орын екеу, ал үшінші орын алған командалар сайысы үшеу болды.

Командалар жүлделері бойынша:

1-орын: Ақтөбе қыздар БИЛ, сыйақы 200 мың теңге

2-орын Шымкент қыздар БИЛ, сыйақы 100 мың теңге

2-орын Астана ерлер БИЛ, сыйақы 100 мың теңге

3-орын Екібастұз, сыйақы 50 мың теңге

3-орын Тараз ерлер БИЛ, сыйақы 50 мың теңге

3-орын Семей ерлер БИЛ, сыйақы 50 мың теңге

“КТЛ” 2023 турнирінің жеңімпаздары Galaxy Халықаралық мектебі оқушылары
1-орын: Ақтөбе қыздар БИЛ
2-орын Шымкент қыздар БИЛ, сыйақы 100 мың теңге
3-орын Екібастұз, сыйақы 50 мың теңге

Бұдан бөлек Сулейман Демирель Университеті және Астана халықаралық университеті финалда өнер көрсеткен алты 11 сынып оқушысына грант берді.

Астана халықаралық университетінен 3 грант табысталды:

  • Абдраш Абдижамал (Астана ұл БИЛ)
  • Мұратұлы Мұхаммадиляс (Тараз ұл БИЛ)
  • Болат Тілеужан (Астана ұл БИЛ)

Сулейман Демирель Университетінен 3 грант табысталды:

  • Тампишов Ердаулет (Астана ұл БИЛ)
  • Болатхан Ернат (Астана ұл БИЛ)
  • Мирзабаев Алдияр (Тараз ұл БИЛ)
СДУ ректорының грант табыстау сәті

«Көңілді Тапқырлар Лигасы» биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Алғаш рет 2017 жылы алғаш жалауын көтерген «КТЛ» ойынында бүгінде 1500-ден астам оқушы жастар жыл сайын өнер көрсетіп келеді.

Биылғы финалдық ойында 3000-нан астам КТЛ жанкүйері тамашалады. Ал, барлық аймақтық ойындарды қосқанда жалпы 300-ден астам оқушы әзіл додасына қатысты.

Екібастұз құрамасы
Тараз ерлер БИЛ құрамасы
Семей БИЛ құрамасы
Ақтөбе қыздар БИЛ құрамасы және финалдық ойынның демеушісі Happy Cake компаниясының директоры Асхат Сұлтанов
Шымкент қыздар БИЛ
Жеңімпаз Galaxy халықаралық мектебінің командасы
Астана қыздар БИЛ, ерлер БИЛ, Spectrum және Spectrum kindergarten құрамалары
БИЛ оқушыларының әнұранына айналған “Жүрегімде КТЛ” өлеңі авторларының бірі сахнада әуен шырқауда
Финалдық ойынға келген көрермендер

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз