“ҚазАвтоЖол” кәсіпорыны елдегі республикалық маңызы бар күре жолдардағы жеті жолдың 23 қарашадан бастап ақылы болатынын хабарлады.
Бұлар:
- Нұр-Сұлтан — Павлодар;
- Қапшағай — Талдықорған;
- Тараз — Қайнар;
- Шымкент — Тараз;
- Шымкент — Қызылорда;
- Шымкент — Ташкент;
- Щучинск — Көкшетау.
Бірінші категориядағы төрт жолақты мұндай жолмен жүру үшін енді ақы төлеу қажет. Осы уақытқа дейін бұл жолдарда ақы төлеу жүйесі сыналған.
“Ақылы жолдармен жүру үшін 1000 теңгеге (2.3 доллар) бір жылға жарайтын абонемент алуға болады. Мұндай абонементті ақылы жолдарға қызмет көрсету орталықтарынан сатып аласыз” делінген “ҚазАвтоЖол” хабарламасында.
Билік ақылы жолдардан түскен қаражатты қызмет көрсетуге және автожол желісін дамытуға жұмсауға уәде берді.
Қазір Қазақстанда 682 шақырым жол ақылы: Нұр-Сұлтан – Щучинск (211 шақырым); Нұр-Сұлтан – Теміртау (42 шақырым); Алматы – Қапшағай (42 шақырым); Алматы – Қорғас (295 шақырым);