Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин “мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы” қаулысына толықтыру енгізіп, “22 желтоқсан – архивші күні” деп жариялады. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
“Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын:
“48. Архивші күні – 22 желтоқсан”.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.