Армения президенті коронавирус жұқтырды

0
197
Армения президенті Армен Саркасян. Photo: rbk.ru

Армения президенті Армен Саркасянға коронавирус жұққан. 67 жастағы саясаткер аяғына ота жасату үшін Лондонға бара жатқан жолда  Covid белгілері байқалып, ПТР-тест тапсырған. Тест нәтижесі оң шыққан.

Былтыр Армения премьер-министрі Никол Пашинян да Covid-пен ауырып шыққан.

Ұлыбритания астанасы мен оңтүстігінде коронавирустың жаңа түрі тарап, 4 қаңтарда қатаң локдаун енгізілген.

Соңғы мәлімет бойынша, Арменияда 160 мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталған, 2800-ден астамы қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз