Қазақстанның үздік университеттері анықталды

0
734
М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті. Photo: adaldyq.kz

Өткен жыл бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды. Зерттеуді білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен  “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген. Бұл туралы академиялық адалдық лигасының баспасөз қызметі хабарлады.

  1. М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті;
  2. Қазақстан-Британ университеті;
  3. КИМЭП университеті;
  4. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
  5. Қазақстан-Неміс университеті;
  6. Сүлеймен Демирел атындағы университет;
  7. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  8. Халықаралық білім беру корпорациясы;
  9. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
  10. Нархоз университеті.

108 университет бойынша 2 мыңға жуық білім беру бағдарламасын зерттеу жұмысына 6 мың сарапшы қатысқан. Рейтинг жоғары оқу орындарының артықшылықтарын анықтау, беделін көтеру және білім беру сапасының ұлттық және халықаралық нарықта деңгейін көтеруге бағытталған.

Зерттеуде түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері ескерілген.

Рейтингке ІІМ, ҰҚК және Қорғаныс министрлігіне бағынышты ЖОО қатыспаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз