Respublica партиясы ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
“Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚО-ларының бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз” деп жазған партияның басшысы Айдарбек Ходжаназаров әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, партияның тең төрағалары – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев.
Айта кетейік, бұл – елімізде тіркеліп отырған жетінші саяси партия:
1. «AMANAT» партиясы
2. «Ақ Жол» Қазақстан демократиялық партиясы
3. «Қазақстан Халық» партиясы
4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
5.«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия».
6. «Байтақ» қазақстандық жасылдар партиясы
7. «Respublica» партиясы