Түркияда президент сайлауының уақыты өзгерді

0
45
фото: sud.ua

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған президент және парламент сайлауының уақыты 14 мамырға өзгертілгенін жариялады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Негізінен сайлау биылғы жылдың маусым айында өтуі тиіс болған. Еuronews ақпаратына сәйкес сайлауды уақытынан ерте жасауға студенттердің маусым айында демалысқа шығатыны және 100 мыңнан астам түркиялық баратын қажылықтың басталу уақытымен тұспа-тұс келгені үшін деп түсіндірген.

Биылғы сайлау Түркияда бұрын-соңды болмаған жұмыссыздық, инфляция және халықтың наразылығын тудырған қымбатшылық уақытында өткелі отыр.

Түркия статистика институтының мәліметі бойынша 2022 жылдың қыркүйек айының соңында Түркиядағы жылдық инфляция 83,45 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш Түркияның 1998 жылдың қыркүйегінен бері алғашқы жоғары деңгедегі инфляция болған.

Бұдан бөлек елде азық-түлік пен алкогольсіз сусындар бағасының жылдық өсуі 93 пайызды құраған. Тасымалдау саласындағы бағаның өсуі – 117,66 пайыз. Өткен жылы коммуникация және білім беру салаларындағы бағалар тиісінше 30,76 пайызға және 36,69 пайызға өскен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз