Арменияда әскери казармада шыққан өрттен 15 адам қаза тапты

0
49

19 қаңтарда Арменияның Гегаркуникск облысы Азат ауылында әскери бөлімнің казармасында өрт шығып, 15 әскери қызметші мерт болды. 3 әскери қызметшінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

“19 қаңтарда 01:30-да Армения Республикасы Қорғаныс министрлігі N әскери бөлімінде инженерлік-саперлік рота казармасында белгісіз жағдайда өрт шыққан. Өрттен қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар”, – делінген агенттік хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз