Қазақстанда түнгі шуға байланысты тіркелген әкімшілік құқық бұзушылық көбейді. Он мыңдаған шағымды қосқанда былтыр бұл меже рекордтық көрсеткішке жеткен.
Өткен жылы қаңтар–қараша аралығында ҚР құқық қорғау органдары 87,3 мың осындай құқық бұзушылық тіркеген. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8% көп. Өткен жылдың ішінара деректерін бес жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, өсім 2,3 есе артық.
Қазақстандықтар жөндеу жұмыстарын жиілетті ме, әлде түнде тойлауды көбейтті ме, анықтау бағалау қиын. ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (БП ҚС АЕК) жариялаған статистика қазақстандықтардың көршілеріне жиі шағымдана бастағаны туралы қорытынды жасауға негіз болып тұр. Мұндай өтініштер айтарлықтай тиімді және шағымданушылардың одан әрі процеске қатысуын талап етпейді. Құқық бұзушылықтың 99,2%-ы уәкілетті органда (Ішкі істер министрлігінде) дереу қаралып, құқық бұзушы жауапкершілікке тартылады. Мұндай істердің тек 0,01%-ы ғана сотқа жетеді. Мәселен, былтыр 11 айда тіркелген. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы «Тыныштықты бұзу» бойынша тіркелген 87,3 мың құқық бұзушылықтың 9-ы ғана сотта қаралған.
Жауапкершілікке тартылғандардың негізгі бөлігін (99,9%) жеке тұлғалар құрайды. Олар: айқайлап ұрысатындар немесе түнде жөндеу жұмыстарын жасайтын көршілер. Көпқабатты үйлерде орналасқан және түнгі би кешін ұйымдастыратын түрлі дәмхана, мейрамхана, барлардың қожайындарына көп шағымдана бермейді екен. 11 айда Қазақстан бойынша мұндай небәрі 100 шағым түскен.
View this post on Instagram
Астананы елдегі «ең шулы» қала деуге болады. Бір жылдан аз уақыт ішінде 17 мыңға жуық астаналық шуға шағымданды, бұл ҚР-дағы әрбір бесінші шағым. Екінші орында тағы бір ірі мегаполисі — Алматы. Ол жерде тыныштықты бұзғаны туралы құқық қорғау органдарының сенім телефонына шамамен 11,5 мың рет қоңырау шалынған. Қарағанды облысы да «мазасыз» өңірлердің үштігіне енді, онда 7,1 мың шағым тіркелген.
Құқық бұзушылық саны әрдайым өңір халқының санына байланысты бола бермейді. Ең бастысы, сан емес, халықтың тығыздығы мен көпқабатты үйлердің саны. Айталық, Алматы қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарының саны 2,1 млн (2023 жылдың басында) тең болса, соңғы өңірде көршілерден шуға қатысты шағымдар төрт есе аз — Алматыдағы 11,5 мыңға қарағанда 2,9 мың ғана шағым болған. Бұл Түркістан облысындағы негізгі тұрғын үй қорын жеке тұрғын үйлер (олардың үлесі 98,6%) құрайтындығымен байланысты. Мұндай үйлердің тұрғындары түнде көршілердің шуын ести бермейді. Алматыда көппәтерлі тұрғын үй қоры анағұрлым көп, тиісінше, қабырғалас көршілер де көп.
Тыныштықты бұзу әкімшілік құқық бұзушылық болғандықтан айыппұл салынады. Бірінші шағым бойынша жеке тұлға бюджетке 5 АЕК төлеуі керек (2023 жылы — 17,3 мың теңге), қайталап бұзғаны үшін айыппұл екі есе көп (былтыр шамамен 35 мың теңге). Заңды тұлғалар бірінші шағым үшін 20-дан 100 АЕК-ке дейін (69 мыңнан 345 мың теңгеге дейін), екінші шағым үшін 40-тан 150 АЕК-ке дейін (138 мыңнан 517,5 мың теңгеге дейін) айыппұл төлейді.
Былтыр қаңтар–қарашада шулы қазақстандықтарға 1,2 млрд теңге айыппұл салынған. Рас, осы уақыт ішінде оның жартысынан азы өндірілген — небәрі 523,5 млн теңге. Бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл сома, әрине, орасан зор: 2018 жылы небәрі 347,9 млн теңге айыппұл салынған.