Дүйсенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғалым Күнсұлу Зәкарияны өзінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі етіп тағайындады. Ол бұның алдында Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымын атқарған еді. 

Күнсұлу Дальтонқызы әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинаны әзірлеуге қатысқан.

«Биоқауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының бас редакторы. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, 8 ғылыми-әдістемелік құралдың, 5 монографияның, 29 өнертабысқа берілетін патенттің, оның ішінде 2 халықаралық патенттің, профилактикалық және диагностикалық препараттар өндірісі бойынша 7 нормативтік-техникалық құжаттың авторы.

2022 жылдың 22 тамызынан 2023 жылдың сәуіріне дейін «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директоры қызметін атқарды. Оған дейін ҚР ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемасын ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директоры болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз