Қазақстанда гендерлік бюджеттендіру қолға алынбақ

0
262

26 қазан күні «Rixos President Astana» қонақ үйінде «Қазақстандағы гендерлік бюджеттендіру» жобасының қорытындылары бойынша дөңгелек үстел өтеді деп жоспарлануда.

Дөңгелек үстел отырысына ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, ҚР Парлменті Мәжілісінің депутаттары, БҰҰ даму бағдарламасы мен ЖОО-ның өкілдері қатысып, жобаның жүзеге асырылуын қорытындылау және Қазақстанда гендерлік бюджеттендіру мәселесі бойынша ұсыныстар қаралатын болады.

Гендерлік бюджет әйел мен ер адамдардың, қыз және ұл балалардың мүдделері мен қажеттіліктерін біркелкі және әділетті түрде есепке алатын бюджет болып есептеледі.

Қазіргі уақытта әлемнің 100 мемлекетінде гендерлік бюджеттендірудің түрлі бастамалары өз қолдауын тауып отыр. Канада, Австралия, Швеция, Франция, Норвегия және Испания сияқты дамыған мемлекеттерде гендерлік бюджеттендіру ісі ресми бюджеттік үдерістің бөліміне айналуда.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз