Қазақстандық полицейлерге қайтадан таяқ ұстауына рұқсат берді

0
378
Сурет: almaty-aqshamy.kz

1 қыркүйектен бастап қазақстандық полицейлер жол қозғалысын ретке келтіру үшін алатаяқ/таяқ қолдана бастады. Бұл туралы ішкі істер министрлігі Facebook-тағы парақшасында хабарлады.

Полицейлер таяқты жол қозғалысын реттеу үшін, жол апаты жағдайында көліктер бағытын басқа жаққа бұру, көлік кептелісі, көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру, антитеррористік немесе күзет шараларын өткізу және төтенше жағдай кезінде қолданбақ.

Министрліктің пікірінше, таяқты пайдалану жол полициясы қызметкерінің жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге берген сигналын оңай қабылдауға мүмкіндік беріп, “полицейлердің қауіпсіздігін арттырады”.

“Полиция қызметкерінің көлік құралдарын қолмен белгі беріп тоқтатуына жол берілмейді” делінген хабарламада.

Қазақстанда 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жол полициясы қызметкерлерінің таяқ қолдануына тыйым салынған. Осы уақыт аралығында полицейлер жол қозғалысын ысқырып, қолын көтеріп немесе патрульдік көліктегі жарық-дыбыс сигналдарын пайдалана отырып, реттеп келді.

Таяқты қолданбау туралы ереже шыққан кезде Қазақстанның ішкі істер министрлігі мұндай тәжірибенің көптеген Еуропа елінде барын айтып, халықаралық стандартқа сәйкес келетінін мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз