Футболдан журналистер арасындағы БАҚ лига аяқталды

0
166

1 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда Егемен Қазақстан газетінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған журналистер арасындағы футбол жарысы БАҚ лиганың 6-шы маусымы аяқталды. 

Екі лигаға (А, Б) бөлінген баспасөз өкілдері екі ай бойы апта соңы Тарлан арена алаңында доп тепті.

А лигасының үздігі “Хабар” командасы БАҚ лиганың алты дүркін чемпионы атанды.

“Хабар” командасы жеңісті сәтті тойлау үстінде.

Бұл маусымдағы БАҚ лиганың кубогы “Qazaq radiolary” командасына бұйырды. Олар финалдық ойында БАҚ лига чемпиондары “Хабар” командасын 3:0 есебімен жеңді. Айта кетейік, “Qazaq radiolary” командасының демеушісі Елордадағы Spectrum халықаралық мектебі.

БАҚ лига кубогының иегері “Qazaq radiolary” командасы демеушілері Spectrum Халықаралық мектебінің директоры Артур Тулепбеков және KAZAKNEWS агенттігінің басшысы Доған Йылдызбен.

БАҚ лиганың жабылу салтанатында үздік ойыншылар марапатталды. Б лигасының үздік ойыншысы Қазмедиа Б командасының шабуылшысы Құмарбек Азат атанса, А лиганың үздігі “Хабар” командасының сұрмергені Әлішер Келгенбай.

Турнирде Б лигасын үздік аяқтаған Қазмедиа Б, Спорт 59 және KAZAKNEWS.KZ командалары келесі маусымда А лигасында өнер көрсететін болады.

Б лигасының үздік үштігінің бірі KAZAKNEWS командасы.

“Егемен Қазақстан” газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мен “Хабар” телеканалы басшысының орынбасары Ринат Кертаев футболшы журналистерді құттықтап, сөз сөйледі. Тіл тазалығы журналистерден басталатынын айтып, ойында былғаныш сөздерді қолданбауды ескертті.

Қазақстанның доп тепкен журналистері. БАҚ лиганың 6-шы маусымы мәресіне жеткен сәт.

Екі лиганың 17 командасы бірге суретке түсіп, көңілді тарқасты..

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз