Қазақстандықтар жинақтарын қай банктерге сеніп тапсырады

0
137
фото: Pixabay

Жеке тұлғалардың депозиттерінің бір айдағы өсімі бойынша Halyk Bank бірінші орында тұр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Тұтастай алғанда сектордағы өсімнің 37%-дан астамын бірден бір қаржы институты — Halyk Bank қамтамасыз етті. Бар болғаны бір айдың ішінде елдегі ең ірі банк халық депозиттері портфелін 370,2 млрд теңгеге өсіріп 4,69 трлн теңгеге жеткізді. Қазіргі уақытта Halyk Bank жеке тұлғалардың депозит нарығының 34,2%-ын алып отыр. Дағдарыс кезінде де портфельдің мұндай өсуі Halyk Bank тұрақтылығына, ауқымы мен халықтың оған деген сенімін көрсетсе керек. Айтпақшы, қаржы институты үшін мұндай өсу динамикасы тұрақты тенденция.

Жеке тұлғалардың депозиттерінің бір айдағы өсімі бойынша екінші орында Kaspi Bank: 202,4 млрд теңгеге ұлғайып 2,89 трлн теңгеге жетті. Бұл бөлшек депозит нарығының 21,1%-ын құрайды. Жылдық өсім бойынша да банк көш бастап тұр: 494,2 млрд теңгеге көбейді. Бұл банктің Halyk Bank-тен айырмашылығы, Kaspi Bank негізінен бөлшек қаржы институты және жеке тұлғалардың депозиттері банктің жалпы депозиттік портфелінің 86,4%-ын құрайды.

Ай сайынғы өсім бойынша алғашқы үштікте Банк ЦентрКредит бар: 116,5 млрд теңгеге өсіп 1,05 трлн теңгеге жетті. Бұл жеке тұлғалардың ҚР ЕДБ салымдарының жалпы көлемінің 7,6%-ын құрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз