Лондондағы әйгілі Биг-Бен сағаты тоқтап қалды

0
317
фото: Pixabay

Ұлыбританияның басты символдарының бірі – Биг Бен мұнарасындағы сағат техникалық ақауларға байланысты тоқтап қалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

“Бүгін Елизавета мұнарасындағы сағаттың тілі уақытты дұрыс көрсетпей тұрғанын байқаған боларсыз. Сағаттың негізгі компоненттерін жөндеу үшін оның жұмысын тоқтатуға тура келді”, – делінген Британия Парламентінің Twitter-дегі ресми парақшасында.

Сағат көп ұзамай қайта іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Биіктігі 96 метрлік Вестминстер сарайының сағат мұнарасын 1856 жылы ағылшын сәулетшісі Август Пугин салған. Мұнара ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Салмағы 13,7 тонна болатын Биг-Бен қоңырауы әр сағат сайын, ал қосымша қоңыраулары әр 15 минут сайын соғылады. 157 жыл бойы қоңырау үзіліссіз дерлік жұмыс істеп келген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз