Қазақстандықтардың орташа зейнетақы сомасы белгілі болды

0
234

1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 641 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 805 теңге, базалық зейнетақы – 37 836 теңге, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 649 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы – 506,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 трлн 142,7 млрд теңге.

1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 300 мың адам.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз