Ертең тамыз айында өтетін ұбт-ға өтініш қабылдау басталады

0
91
ҰБТ тапсыру барысы.

20 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады. Өтінім қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 тамызда басталады, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде талапкер, емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер бейіндік пәндер комбинациясын тамыз тестілеуінде өзгерте алатындығын айта кеткен жөн.

«Өкінішке орай, қаңтар-шілде аралығында өткен ҰБТ-да кейбір талапкерлер шекті балл жинай алмады. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шектік балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет», – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Барлық бес ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балл жинай алмаған талапкерлерге ЖОО-ға шартты түрде ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі беріледі. Ары қарай олар 2024 жылы қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ-сына қатысып, ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балын жинай алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз