Қазақстанды тастап шетел асып жатқандардың саны артып жатыр. Олардың арасында кәсіби мамандардың келгенінен кеткені көп. Елге келген кәсібилерден кеткен медицина мамандары үш есе, техникалық мамандық иелері бес есе, педагогтар төрт есе көп. Бұл туралы Ranking.kz порталы хабарлады.
Былтырғы жылдың үш тоқсанында 15 жастан асқан 11,4 мың маман елден кеткен. Пандемияға байланысты жабық шекараларды ескергеннің өзінде, бұл бір жыл бұрынғы статистикамен салыстырғанда 33,8% – ға аз. 2020 жылы Қазақстаннан кеткен мамандардың үлесі 54,3% болған. Алдыңғы жылы 50,6%-ды көрсеткен еді.
Өңірлер бойынша Қарағанды облысынан ең көп маман (1,7 мыңнан астам адам) шетел асқан. Одан кейін Шығыс Қазақстан (1,6 мың маман), Қостанай (1,4 мың адам) және Павлодар (1,4 мың адам) облыстары тұр. Елден ең аз кеткендер Қызылорда және Түркістан облыстарында байқалады. Бұл аймақтардан барлығы 23-29 адам басқа елге кеткен.
Қазақстаннан кеткен мамандардың жартысынан астамы техникалық (3,3 мың адам), экономикалық (1,7 мың адам) және педагогикалық (1 мың адам) мамандық иелері.
Сондай-ақ, елден 561 дәрігер, 387 заңгер, 280 сәулетші мен құрылысшы, ауыл шаруашылығы саласындағы 155 маман кетті. Қалған мамандықтардан 4 мыңға жуық адам шетел асқан.
Ал Қазақстанға былтыр қаңтар-қыркүйекте аралығында 3,5 мыңға жетер-жетпес маман келген. Жаңадан келгендер кеткен кадрлардың үштен бірінен аз.
Елге келген экономистердің саны кеткендердің 18,1% – ына тең. 1714 кеткен, 311 адам келген. Техникалық мамандар арасында келгендер мен кеткендердің арасы 19,3% (3331кеткен, 643 келген), заңгерлер арасында — 21,2% (387кеткен, 82 келген), дәрігерлер арасында — үштен бірі (561 кеткен 187 келген) болды.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша келген мамандар кадр шығынын сәл жақсартқан (43,9%, 155 адам кеткен, 68 келген).