Ауа райының құбылмалы болуына байланысты 10 – қарашада кейбір аймақтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
10 қараша Оңтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейінгі жылдамдықта жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр араласқан қар жауады. Түнде боран соғып, көктайғақ болады. Кей жерлерде желдің күші 20-25 м/с, кей жерлерде 30 м/с дейін жетеді.
өскеменде 10-қараша қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі. Желдің ұйытқуы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Дауылдың ықтималдығы 80-85% құрайды.
Сондай-ақ 10-12 қараша Қызылорда облысында дауыл соғып, тұман болады деп күтіледі.
Жадыра Аманбайқызы