Елордада көмір тапшылығы мәселесі жоқ

0
62

1 қыркүйектен 9 қарашаға дейін Астанаға 3 037 вагон түрлі маркадағы көмір жеткізілді, сол себепті де қазіргі таңда Астанада көмір тапшылығына алаңдаушылық жоқ, деп мәлімдейді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық кәсіпкерлік басқарманың мәліметінше, «Шұбаркөл» маркалы көмір мол жылу беріп, аз күл шығаратыны үшін ұтымды.

«ERG компаниясының тобы мен ҚТЖ арасында қол жеткізген келісім арқылы астанаға күн сайын тоннасы 14-14,5 мыңнан 1500 тонна «Шұбаркөл» маркалы көмірі жеткізіліп жатыр,

«Көмірді күн сайын шектеусіз әрі демалыссыз жөнелтуде. Астана қаласының әкімдігі көмір нарығына күн сайын мониторниг жасап, үнемі бақылауында ұстап отыр», деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Сондай-ақ, астананың теміржол тұйықтарында қолда бар көмірге мониторинг жасау үшін арнайы мобильді топ құрылып, алыпсатарларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар күшейтілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз