Қазгидромет елдің 15 өңірінде дабылды ескерту жариялады.
“15 мамырда кей жерлерде жауын-шашын мөлшері көп жауғандықтан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аймақтарында өзен суы деңгейінен асады деген қауіп бар”, – деді синоптиктер.
Қазіргі уақытта жауын-шашыннан Түркістан облысы мен Шымкентте бірнеше ауылды су алды.
Өңірлердегі ауа райы қалай?
Ақмола облысында жаңбыр жауады. Дауыл мен бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады. Кей жерде жылдамдығы 15-20, 23 м/с-ке жетеді.
“Астанада дауыл мен бұршақ болады. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 17-22 метр. Дабылды ескерту ықтималдылығы – 85-90%”, – деді Қазгидромет.
Алматыда жаңбыр, бұршақ жауып, жел соғады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15 метр секундке дейін жетеді.
Алматы облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл, бұршақ болады. Желдің жылдамдығы кей уақытта 17-22 м/с.
Шымкент қаласы мен Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да дәл осындай ауа райы болжанып отыр.
Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарды дабылды ескерту туралы хабарламаға бейжай қарамауға шақырды.