Үш миллионға жуық адам 42500 теңгені екінші рет алды

0
132

2,9 миллионнан астам қазақстандық төтенше жағдай режимі кезінде табысынан айырылғаны үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге көмекті екінші рет алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға құқылы.

“Төлемді есептеуге алғашқы ай ретінде 16 наурыз бен 15 сәуір аралығы алынады. Екінші ай ретінде 16 сәуірден 11 мамырға дейінгі кезең есептеледі. Демек 16 сәуірге дейін өтініш берген азамат төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғаны үшін “42 500 теңге” төлеміне екінші айда үміткер бола алады”, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты 11 мамыр сағат 18.00-ден бастап “42 500 теңге” төлемін тағайындауға өтініш қабылдау аяқталды.

Бұрын берілген өтінішті қарау мәртебесін 42500.enbek.kz сайтынан білуге болады.

“42 500 теңге” төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 миллион адам алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз