Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серукбай қажы Ораз қазақстандықтарды жыл басы Наурыз мейрамымен құттықтады.
Серікбай қажы Ораз Бас мүфти:
Баршаңызды ұлтымыздың ұлық мейрамы – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Күллі түркі жұртының төл тойы – әз Наурыз еліміздегі түрлі ұлтты ұйымшылдыққа ұйыстырып, кешірім мен мейірімнің мерекесіне айналып келеді.
Достық пен татулықтың, бауырмалдықтың, игілік һәм бірліктің, ізгілік пен ізеттіліктің мейрамы құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Алла Тағала халқымызға әрқашан амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Баршаңызға Жаратқанның өзі жар болғай! Әмин!
Наурыз – барша түркі халықтарының мұсылманша жыл санағы бойынша, жылдың басы саналатын алғашқы ай, ойын сауық мерекесі қыстың қаһарынан аман шығып Алланың нұры жауған күн.
Халқымыз ұлттық тағамдармен қоса Наурыз көже дайындап жылдың алғашқы күнін арқа-жарқа болып тойлайтын мерекені 1917 жылы қазан төңкерісінен кейін құрылған Кеңес үкіметі діни кертартпа рәсімге жатқызып, 1926 жылы ресми түрде тойлауға тыйым салған.
Демократиялық ағым белең ала бастаған кезде 1988 жылдан бастап бүкілхалықтық мейрам ретінде атап өтілетін болған. Қазақстанға ұлттық мерекеміз Наурыз Тәуелсіздік алғаннан кейін қайта оралды.