Саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов өмірден озды

0
105

Қазақстанның Ұлттық Азаматтық Альянсының бұрынғы президенті, қоғам қайраткері, тележүргізуші Нұрлан Ерімбетов Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығында көз жұмды. Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Нұрлан Ерімбетов Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығына ем қабылдау үшін жатқызылған болатын.

Нұрлан Кенжебекұлы Ерімбетов 1960 жылы 28 мамырда дүниеге келген. 1979-1983 жылдары Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтында оқыған. 1985-1997 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ҚазССР Мемлекеттік мәдениет комитетінің басқарма бастығы қызметінде болды.

1997-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2004-2005 жылдары «Отан» партиясы саяси кеңесінің хатшысы болды. 2006 жылдан «Мәдени майдан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарды. 2007-2010 жылдары Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының атқарушы директоры, «АйтPARK» қоғамдық-саяси интелектуалды клубының негізін қалаушы әрі модераторы болды.

2012 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы жанындағы «Әлеуметтік әріптестік орталығы» КҚ-ның бас директоры.

2013 жылдан бастап «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болды.

Нұрлан Кенжебекұлы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз